Атырау әуежайында келеңсіз жайға куә болдым

(4 Votes)

Әріптесім болған, сыйлас Сенатор Мұрат Бақтиярұлының әуежайдағы қазақтардың өзге тілде сөйлесулері туралы жазбасы шықты.

Кезінде бұл жазбаға өз пікірімді білдіргенмін.

Бүгін Атырау әуежайында тағы да осы келеңсіз жайға куә болдым. Жастары елуден асып алпыстың о жақ бұ жағындағы ерлі зайыпты (солай көрінді) екі адам жас қызды шығарып салуға келіпті. Немеоесі не қызы шығао.
Заттарды ортауға кезекке орын алдым. Үшеуі бір-бірімен орысша сөйлесіп түсінісіп тұрды. Бір ауыз қазақша айтпады.
Жаныма батқаны екі жасы жеткен қазақтың жас қызға өз тілінен жеріп орысша сөйлеуі болды. Бұл не ? Немқұрайлық па, намыс пен рухтың жоқтығы ма ? Өрімдей жасқа қандай тәлім тәрбие беруде.

Алаш арысы, Алаш Орда Үкіметінің мүшесі, жеті тілді меңгерген ғалым Халел Досмұхамедовтың бір ғасыр бұрын ана тілі, тәрбие туралы жазғаны ойыма түсіп, тағы бір оқып шықтым.

Ғұлама Халел былай деп ХХ ғасырдың басында :

"... Орыс мектептеріне кірген балалар ана тілін оқып әбден жаттығып кірмей, ана тілімен таныс болмай тұрып орысша оқиды,
Орыс мектептеріне кіргендердің ес-дерті орыс тілін жақсы білу, орысша жақсы сөйлеу.
Орыс мектептеріндегі оқытулардың да бар тілегі жасөспірімдерге орыс тілін жақсы білдіріп, орыс тілін ана тіліндей қылып жіберу еді.
Осылай болған соң, бірнеше жыл орысша оқыған балалар орысша орасан зор шебер болып кететін.

Ана тілінің заңын, әдетін ұмытып кететін.

Ана тілінің нақуы, сарфы жоқтығы, орыс тілінің астамдығы, болашақтағы пайдасы адамды қызықтырды.

Біздің айтайын дегеніміз мынау, бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек.

Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл - сүйініш.
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл - Күйініш.

Өз тілін білмей тұрып жат тілді еліктей беру зор хата.

Бұл оқығандардың, һәм оқушылардың есінен шықпауы керек"

деп жазған, ескерткен.

Осы ойы мен сөзі үшін Совет Одағы коммунистер оны азаптап өлтірді.

Халел ұлағаты ескерілмеді.

Иә, Коммунистер қазаққа қырғидай тиді, жақсыларын жоқ қылды, жарамсақтарды жарылқады.

Ал бүгін уақыт, заман басқа ғой. Басыңа әңгір таяқ ойнатып тұрған ешкім жоқ. Тәуелсіз Елміз.

Жетпей тұрғаны тілге деген құрметтің болмауы, құлдық санадан арыла алмауымыз. Орысша оқып өздерін "сауатты", "мәдениетті" деп білушілердің қоғамда әлі де орын алып отырғаны.

Мемлекеттің Ел үшін ең маңызды мемлекеттік тілге деген батыл ұстанымының болмауы.

Білім (орта, арнаулы, жоғары) мемлекеттік тілде берілуі тиіс. Уақыты келді. Басқа этнос өкілдерінің тіліне қысымшылық жасалған жоқ, жасалмайды да.

Біз бүгін бір этносқа артықшылық беріп, орыс тілді мектептер мен группаларды ұстап отырмыз. Орыс этносы Қазақ Еліндегі тұратын Ел азаматтары болвп есептелетін басқа этнос өкілдерімен бірдей, олардан не кемдігі не артықшылығы жоқ.

Сәрсенбай Еңсегенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521