Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақыларын Арыстың зардап шеккен тұрғындарына аударады

Рейтинг: 0 / 5

Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдар бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдікте атап өткендей, қиын кезеңде отандастарына қолдау көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы. -Арыста орын алған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Еліміз үшін күрделі осы кезеңде баршаңызды бірлесуге және қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз, - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Атырау филиалында әскери қоймадағы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Мұқтаж жандарға қажеттті заттар мына мекен жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 79 а, «Нұр Отан» партиясының ғимараты.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика