Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

(0 Votes)

Махамбет атындағы қазақ драма театрында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар алдында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы тың жоспарларымен бөлісті.

Өткен жылды мұнайлы аймақ қандай көрсеткішпен қорытындылады? Қай салада даму бар? Қордаланған мәселелер қалай шешімін табады? Міне, осы сұрақтар төңірегінде аймақ басшысы өз баяндамасында айтып өтті. Қызметіне кіріскеніне екі ай уақыт өтсе де облыс әкімі М.Досмұхамбетов Президент тапсырмасын лайықты орындап, мұнайлы аймақтың игілігін еселеу жолында нақты жұмыстарды қолға алуда. Оның бір парасын алдағы міндет-мақсаттарды саралаған есепті кездесуде айқындады. Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, діни ахуал, құқық қорғау, жастар сая¬саты салаларында да өткен жылы жасалған жұмыстарды баяндаған облыс әкімімен жұртшылықтың жүздесуі бес сағаттан астам уақытқа созылды. Аймақ басшысының есебін 7 аудан халқы да мәдениет үйлері арқылы бейнебайланысқа шығып, көкейкесті сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Құрманғазылықтар да бұл жиынды С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Лед экраннан тамашалады.

img_9020

Басқосу барысында көтерілген түйткілдердің қатарында қоршаған ортаны қорғау шаралары, жол, вандализм мүгедектерге қолжетімді орта қалыптастыру, көшені жарықтандыру, тұрғын үй мәселелері, кәсіпкерлердің, көпбалалы аналардың жанайқайы, білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі т.б. болды.

img_9023

Ешқандай бүкпесіз, ашық та емін-еркін форматта өткен есепті кездесуде халық өзінің толғандырған әлеуметтік проблемаларын ортаға салды. Қай мәселеге болмасын нақты жауаптар беріп, тұрғындар тілегін тыңдаған аймақ басшысы бүгінгі ұсыныс-тілектер негізіндегі жұмыстарды назардан тыс қалдырмайтындығын атап өтіп, жауапты лауазым өкілдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

img_9027

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521