Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 2 шілдеге ақпарат

(0 Votes)

02.07.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 7 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 6 қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 2 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 230 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2308400 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 4 турбина агрегаты жұмыс істейді (№5 қазандық - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 23,7 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (3 турбина агрегаты резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 112 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 847000 м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,6 турбина агрегаты – резервте; №6,2 турбина агрегаты - жай жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт.Сұраныс бойынша генерациясы 192 МВт құрайды.

Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21