Атырау облысында электр беру желісіндегі ақау неден шыққаны анықталды

(0 Votes)
Атырау облысында электр қуатын беруде ақау неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«КЕГОК» АҚ-ның Атырау облысы батыс өңірлік филиалының директоры Константин Чернохаевтың айтуынша, кеше, 10 қаңтарда кешкі мезгілде электр желісінің 220 кВЛ-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шыққан.
 
«Соның салдарынан «Атырау жарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жағалау бөлігі, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы және Мақат аудандарының кей бөлігі уақытша электр желісінен ажырап қалды. Қазір аталған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шұғыл жүргізіліп, біртіндеп іске қосылуда», -дейді Константин Чернохаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521