Атырау облысында деструктивті дінді ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған

(0 Votes)

Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жат ағымдағы тұлғалардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру секілді қылмыстарға қатысы бар.

«Жыл басынан бері оннан аса қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 млн теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті ​ діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай​ режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.​ ​ ​ ​ ​

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521