АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Рейтинг: 0 / 5

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау облыстық құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Басаров Тимур Кенжебайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тимур Басарұлы 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыстық техникумын бітірген. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құрылыс бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Орал қаласындағы өндірістік кооперативінде құрылыс шебері, құрылыс жөніндегі инженер лауазымынан бастаған. 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінде» жұмыс істеген. 2008-2016 жылдары бас маманнан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Соңғы жұмыс істеген орны — Атырау қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы лауазымы.

depti.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика