«Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне автокөлік сыйға тартты

Рейтинг: 0 / 5

Сыйға тартылған көлік ерекше күтімді қажет ететін балаларды, «Атырау. Маленькая страна» бірлестігінің әлеуметтік ауылына тасымалдауға арналған, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Аталмыш бірлестік тағдырдың тауқыметіне тап болған атыраулықтарға, оның ішінде ауыр сырқаттарға шалдыққан балаларға да, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге де, ерекше күтімді қажет ететін балғындарға да көмек көрсетеді. «Sarens Kazakhstan» компаниясының әкімшілік директоры Райхан Есееваның айтуынша, аталмыш сый бірлестіктің бұдан әрі қарқынды дамуына, көптеген игілікті шаралардың жүзеге атсалысуына себеп болады.

- Автокөлік ұзақ уақыт тоқтаусыз қызмет етіп, ерекше күтімді қажет ететін балаларға көмектеседі деп үміттенеміз. Компаниямыз бұған дейін де көтмектесіп келді, болашақта да қоғамның көмекке зәру мүшелеріне қолұшын береді, – деді Райхан Есеева.

Бүгінде қоғамдық бірлестіктен 600-ден астам бала көмек пен арнайы педагог мамандардан білім алуда.

- Әлеуметтік ауылымыз қала іргесіндегі елді мекендердің бірінде орналасқан. Сондықтан, автокөлік басты қажеттіліктердің бірі. Осы мысалға қарап, өзге компаниялар да қайырымдылықпен айналысып жүрген қорларға қолұшын береді деген үміттемін. Компанияға сәттілік пен одан қарқынды дамуына тілектеспін, – дейді «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика