Теңіз ауылына қарасты Гагарин атындағы жалпы орта мектепте ауыл әкімі Қайсар Мақсотовтың ұйымдастыруымен ауданымызда тұңғыш рет “Атырау” футбол клубының негізгі құрамы мен бапкерлер штабы жас футболшылармен кездесті.
Облыс намысын футбол бәсекелерінде абыроймен қорғап, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен талай қуантқан ойыншыларымыздың ауданымызға, оның ішінде ауылымызға келгені қуанарлық жайт. Өйткені футбол - құрманғазылық, оның ішінде теңіздік жастардың сүйікті ойыны. Сіздердей футболшылардың өмірі бүлдіршіндерімізге үлгі, ал команданың жеңісі қаумалаған жанкүйер қауымды үлкен қуанышқа бөлейді. Өздеріңізге және командаға алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз - деді шара басында округ әкімі Қайсар Еркінұлы. Еркін форматта өткен кездесуде қатысушылар ойыншылардың хоббиі, футболшы мансабындағы қызықты оқиғалар мен бүгінгі қазақ футболының жағдайы мен үздік ойыншылары жайында сұрақтарын қойды. Одан әрі ауылдық округ әкімі аппараты мен “Атырау” футбол клубы арасындағы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оның мақсаты:
футболды дамытатын және көрермендерді тартатын спорттық іс-шараларды, турнирлерді немесе мәдени іс-шараларды бірлесіп өткізу. Жастар академияларын құру немесе жетілдіру және оқыту бағдарламаларын қамтуы мүмкін жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламаларын қолдау туралы келісім. Сонымен бірге, жергілікті қоғамдастықты дамытуға, мұқтаж жандарға көмектесуге немесе қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамаларды өткізу.

Кездесуден соң автограф сессиясы ұйымдастырылып, теңбіл доп шеберелері өздерінің жанкүйерлеріне қолтаңбаларын берді. Кейін аудан орталығындағы спорт кешенінде “Атырау” футбол клубының негізгі құрамы мен бапкерлер штабы шеберлік сабақтарын өткізді.
Айнагүл Шакупова