20 сәуірден бастап «Атырау-Астрахан» жолаушылар пойызының шығуы бұған дейін облыс орталығынан Құрманғызы ауданы арасына тұрақты түрде қатынап келген пойыздың тоқтауына әсер етуі мүмкін бе?
Бұл туралы ATPress.kz.тілшісі Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы сұрап білді.
- «Атырау-Астрахан» жолаушылар пойызы бұған дейін Құрманғазы ауданы мен облыс орталығы аралығына қатынаған «Атырау – Дина Нұрпейісова» облысішілік пойызының жұмысына бөгет болмайды. Сондықтан, жолаушыларға алаңдауға еш негіз жоқ, - дейді Самат Айтқалиев.
Айта кетейік, 20 сәуірден бастап «Атырау-Астрахан» жолаушылар пойызы қайта жүре бастайды. Еске сала кетсек, бұл пойыз пандемия жарияланғалы жұмысын тоқтатқан болатын.
ATPress.kz