«Атырау-Астрахань» жолы құрылысында сұйық асфальт төселуде

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев салынып жатқан «Атырау-Астрахань» тас жолы құрылысына ат басын бұрды.

Мердігер мекеме «Сине Мидас Строй» төселген жол үстіне асфальт құюды бастапты. Жол бойы толған техника. Онның үстінде жиырма тонналық «Шахман» автокөліктері қораптарындағы асфальтты кезек-кезегімен төгуде. Арнайы техника мен бірнеше адам оны жазуға қызу кіріскен. Төселген жерлерді үш бірдей тегістегіш техникалар (катоктар) нығыздауда. Асфальтты қалыңдығы 10 сантиметр, ені 9 метр етіп төсеуде. Аудан басшысымен әңгімесінде мердігер мекеме өкілі бұл жолды биыл беретіндерін жеткізді.

img_1340

img_1341

Мекемнің Нұржау ауылының тұсындағы зауыты 2 сағатта 10 тонна асфальт дайындап үлгереді екен. Олар сол бойда қажетті жерге жеткізіледі. Мұндағы шешімін күткен мәселе ол карьер. Аудан әкімі онымен айналысуға уәдесін берді.

img_1345

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521