Атырау-Астрахан тасжолын су шайып кетті

(0 Votes)

Желіде жаңбырдан кейін тасжол жиегінде пайда болған шұңқыр туралы бейнежазба тарады. Осыған орай, AtyrauPress тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалына хабарласты.

— Қазір республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» автомобиль жолының 853-893 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын қаперіңізге береміз. Мердігер мекеме - «Сине Мидас» ЖШС. Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан тасжолдың жиектері суға шайылып, бейнежазбада көрсетілген 156 шақырым жолдың жиегінде шұңқыр пайда болды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар, тапсырыс берушіден мердігер мекемеге қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма беріліпті. Мамандар барлық техника мен материал жеткілікті екенін айтады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT