«Атырау-Астрахань» шекарасы ашылды

(0 Votes)

2022 жылғы 06 сәуірі ҚР-дағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты бірқатар шектеуді 2022 жылғы 11 сәуірі 00 сағат 00 минуттан алып тастау туралы шешім қабылданғанына байланысты ҚР Мемлекеттік шекарасын Атырау облысына қарасты Құрманғазы өткізу пунктінен өтетін азаматтардың назарына:

- 2 жылдық шектеулерге әсерінен жолаушылар ағымы көп болу мүмкіндігіне байланысты азаматтарды жинақталу кезінде сабырлы болуға және мәдениеттілікті сақтауға шақырамыз;

- Шетелге шыққанда, ең алдымен, жол жүру құжаттарының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын транслитерациясында), туған күні мен жері, балалары туралы мәліметтер, төлқұжаттың жарамды екеніне көз жеткізуін;

- Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатыны;

- Өткізу пунктінің аумағы ҚР 2013 жылғы 16 қаңтардағы ҚР Мемлекеттік шекара туралы заңының тармақтарына сәйкес режимдік аумақ болып саналады (Өткізу пунктінің қызметкерлерінің нұсқамаларына сәйкес әрекет ету, заңмен белгіленген талаптарды орындау). Шекарашылардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасамау.

Қазақ­стан­­ Республикасының ше­кара­шы­лары елі­міз­дің тыныш­тығы мен қау­ісіздігін күзетуді қамтамасыз ету міндетін атқаруын ұмытпайық.

Назарларыңызға рахмет!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT