«Атырау-Ақпараттан» - Алғыс хат

(1 Vote)

Әкімдік үйінің үлкен мәжіліс залында аудандық «Серпер» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жаздыртуда белсенділік танытқандар ұлығыланды.

Басылымның бас редакторы А.Шакупова саяси науқанды ұйымдастыруды жоғары деңгейде өткізген ауыл әкімдері Б.Ақпановқа (Бірлік), О.Әзімовке (Дыңғызыл), Р.Хамзаеваға (Сафон), Б.Мұфтаховқа (Мақаш), Ж.Жанхановқа (Қиғаш), Р.Әмірхановқа (Еңбекші), А.Мусаға (Құрманғазы), А.Мұфтахқа (Орлы), М.Мұғалімге (Нұржау) және Көптоғай, Шортанбай, Азғыр, Байда ауылдық округтерінің бас мамандары Г.Назымбекқызына, Т.Қайырболатұлына, А.Хисметұлына, А.Нысановқа, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.Жоламановаға, аудандық пошта байланысы торабы бастығының орынбасары А.Тілеуғалиеваға «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің директоры Ы.Егембердиевтің Алғыс хатын табыстады.

img_9774

img_9775

img_9770

Онда «Аудан айнасы саналатын төл газетіңізге үнемі қолдау білдіріп, жанашырлық таныта жүретін азаматтық ұстанымыз көпке үлгі. Алдағы уақытта да баспасөздің қамқоршысы ретінде алғы саптан көріне беретініңізге сенім білдіреміз. Сізге және отбасыңызға, ұжымыңызға амандық-саулық, қызметіңізге толағай табыс тілейміз!» делінген.

img_9768

img_9763

img_9762

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521