Қатты дауылдың салдарынан әлеуметтік нысандардың шатыры ұшты

(0 Votes)

Кеше Құрманғазыда ауа райының күрт өзгеріп, жауын-шашын аралас, қатты дауыл тұруының салдарынан аудандағы кейбір әлеуметтік нысандардың шатыры бүлінді.

Атап айтқанда, Құрманғазы ауылындағы Әуезов жалпы орта мектебі, Сафон ауылдық округіндегі Энгельс жалпы орта мектебі шатырларының бір қанаттары құлаған. Сонымен қатар, Дыңғызыл ауылдық округіндегі мәдениет үйі шатырының бір бөлігі мен бір қабырғасына жабыстырылған қалқан тақтайларына да зиян келген.  

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда құзырлы мекеме өкілдерінен құралған арнайы аудандық комиссия құрылып, қажетті шаралар алынуда.

Жуық арада атқарылатын жұмыстың көлемі де нақтылануда. Бірінші кезекте бүлінген нысандарға қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521