Атауларға салғырт қарауға болмайды

(0 Votes)

Аудандық мұражайда «Өренді өлкетанушы» клубының мүшелері бас қосты.

Клуб төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев мемлекеттік каталогқа енетін географиялық атауларға мән беру өте маңызды мәселе екенін, оған салғырт қарауға болмайтынын айтып, қатысушылардан өз ұсыныстарын ортаға салып отыруларын сұрады. Аудан көлеміндегі 264 ауыл, арал, төбешік, қоныс, жайылма, қыстау, көл, өзен, құм, ескі мекен, сор, канал, арна тармағына қазақша атау ізделді. Үстел үстіне жайылған картадан өлкетанушылар өздеріне қажетті ақпаратты толық ала алмады.

«Өренді өлкетанушы» клубының мүшелері Таңатар Дәрелұлы, Ержан Ғайнетов, Есмұхан Жанизин, Нұрлығайын Нұғыманов, Мұқар Шаяхметов және басқалары орысша, қалмақша атауларды өзгертуге қатысты өз пікірлерін білдірді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, клуб төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев кейбір атауларды қазақшалағанда жергілікті жерлерге барып оған қатысты мәліметтерді анықтау қажеттігін айтты. Осы бағытта клуб мүшелеріне тапсырмалар берілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT