Ата Заңды ардақтау - абыройлы іс

(0 Votes)

Қазақтың біртуар ұлы Б.Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» десе, әйгілі қолбасшы Әмір Темір «Менің барлық қол жеткен жетістіктерімнің түп қазығы қатаң тәртіп пен заңның сақталуында» деп айтқан екен.

Ата Заң - қоғамымыздағы барлық биік белестерінің қайнар көзі, еліміздің бірден-бір мызғымас бірлігінің символы және оның заңдық тұрғыдан құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр.

Конституциямыздың қабылданғанына 28 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада «Жасай бер, Ата Заңым, азат жарқын» атты заңгерлермен кездесу шарасы өтті.

Мерекеге орай дайындалған бейнеролик оқырмандар назарына ұсынылып, «Конституция – азаттықтың айшықты айнасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы Саягүл Жұмагелдіқызы шолу жасады.

Шараға арнайы шақырылған қонақтың бірі - Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры, I сыныпты заңгер Ержан Иманғазиев «Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Шараның екінші қонағы – Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жұмабаев медиация, алқа билер туралы тұжырымды ойын ортаға салды. Заң қызметкерлері еңбек жолдары, заң аясында жүргізген жауапты істері жөнінде кеңінен әңгімелеп, көрермендер тарапынан қойылған сұрақ-сауалдарға тұщымды жауап берді.

Тағылымды шараны қорытындылаған аудандық орталық кітапхананың басшысы Анар Мусина арнайы қатысушы қонақтарға ұжым атынан зор ризашылығын білдіріп, естелік сыйлығын ұсынды.  

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT