Ата заңым – алтын қазығым

(0 Votes)

Биыл 25 жылдығын атап өтіп отырған Конституциямыз Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасып, оның нығаюы жолындағы барлық мақсаттарды іс жүзінде орындап отыр.

Ата заңымызға енгізілген өзгерістер елдің экономикалық және саяси даму кезеңіндегі тарихи күн болып қалуымен қатар, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы беделін де көтерді. Конституция күніне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті.

Алдымен еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін, аудан әкімі Қайрат Нұртаев мерекемен құттықтап: - Өткен жылдар ішінде экономикамыз бен халықтың әл-ауқатын көтеруде қол жеткізген табыстар баршылық. Соның ішінде біздің Құрманғазы ауданы бойынша осы 25 жылда тұрғындардың хал-ахуалын жақсартуда, кәсіпкерлікті дамытуда көптеген игі істер жүзеге асырылды. Ата заңымыз дүниежүзіндегі ең жас конституциялардың бірі бола тұра азаматтарының құқы мен бостандығының, биліктің тұрақтылығының кепіліне айналып, Үкіметтің, Парламенттің, сот орындарының қызметін қамтамасыз етті. Көп ұлтты халқымыздың тыныштықта, бейбітшілікте, ынтымақта және келісімде өмір сүруіне жол ашты. Оның бір айғағы ауданымызды мекендеген өзге ұлттар арасында татулық пен достық тереңдей түсті. Алдағы уақытта да Ата заңымыз азаматтардың мүддесіне қызмет етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз, - дей келе, өңіріміздің білім саласының дамуына, оқу-ағарту ісіне қосқан еселі еңбегі үшін Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атағымен ардагер ұстаз, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің, «Алтын алқа» иегері Жаннат Құрманғалиеваны марапаттады.

img_3432

img_3436

img_3430

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен «Атырау Жарық» АҚ аудандық электр желілерінің басшысы Игорь Әбуғалиев, Ломоносов жалпы орта мектебінің директоры Толқын Әжіғалиева, жеке кәсіпкер Гауһар Болатбаева, аудандық «Серпер» газеті бас редакторының орынбасары Қанат Ғұмаров, мәдениет саласының ардагері Майина Дощанова, аудандық ветеринария стансасы директорының орынбасары Ғарифолла Жұмашов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің архивисі Гүлжеміс Қалиева, «Nur Otan»партиясы аудандық филиалы есеп және статистика секторының меңгерушісі Ақынжан Құсайынов.

img_3447

img_3448

img_3451

Аудан әкімдігі жанындағы құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишев, экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Сара Нұржанова, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ернар Рахметқалиұлы, аудандық «жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Нұрболат Тілепбергенов, орталық аурухана директорының орынбасары Светлана Хамзинаны ұлығылады. Одан әрі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасы, Атырау облысының алғыс хаты балық шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлес қосқан мамандарға табысталды.

Аудан басшысы аталған министрліктің «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін «Каспий балық» ӨК-нің атқарушы директоры Жұмажан Шакуповтың өңіріне қадады.

img_3474

img_3477

Аудан әкімінің алғыс хаты құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ұсынылды. Құттықтау сөзінде мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев азаматтарымызды Ата заңымызды құрметтеуге шақырып, мәслихат хатшысының алғыс хатын құзырлы орган өкілдеріне табыстады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521