Ата Заң – елдің айбары

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерекесіне орай аудандық аналар кеңесі мен аудандық соттың ұйымдастыруымен «Ата заң – елдің айбары»  атты салтанатты шара өтті. Шараға  аудандық  сот, прокуратура, полиция қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар,  қоғамдық ұйымдар, аудандық аналар кеңесі мүшелері қатысты. Мерекелік шараны аудандық аналар кеңесінің мүшесі Ұлмекен Сапарова жүргізді.

Аудандық соттың судьясы Гүлсім Тасқынбаева, Атырау облыстық  адвокаттар алқасының адвокаты, аудандық билер кеңесінің төрағасы Ғизатолла Мүрсалиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиева, аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дидар Сәрсембаев, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, аудандық Отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы Зәмзагүл Карсакова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, жас медиатор Дастан Қаламғалиев сөйлеп,  мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Құттықтаушылар Ата заңымыздың қоғамдағы орнына, ел дамуына қосып отырған үлесіне, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы қызметіне ерекше тоқталып, осындай шараны ұйымдастырып жатқан аудандық сот ұжымы мен аудандық аналар кеңесіне ризашылығын білдірді.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім мекемесінің Алғыс хатымен Құрманғазы аудандық сотына, аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев, аудандық соттың бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Саламат Қыдыршаев, сот мұрағат бөлімінің қызметкері Таңатар Ниғметалиевті марапаттады.

Аудандық соттың судьясы Гүлсім Бестерекқызы аудандық соттың Алғыс хатымен аудандық  полиция бөлімі, жергілікті  полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Ерқанат Қиюазов, аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Арай Биманова, жас медиатор, Бегалиев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дастан Қаламғалиевті ұлықтады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT