Ата заң – әділеттің тұғыры

(0 Votes)

Конституция күні қарсаңында аудандық орталықтандырылған кітапханада азаматтық құқықтар мен бостандықтар туралы білімді қалыптастырып, оқырмандардың бойында Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін нығайту мақсатында  «Ата Заң – әділеттің тұғыры» тақырыбында адал да әділ қызметімен көпшіліктің лайықты құрметіне бөленіп, заң саласында  тер төгіп жүрген  білікті заңгер, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Жеті жарғы» медалінің иегері Құрманғазы аудандық сотының судьясы Менситова Бейбітгүл Мағазқызымен кездесу кеші болып өтті.

Кездесудің шымылдығы өнерпаз Ризабек Дайынбектің орындауында  «Қазақстаным»  әнімен ашылып, «Конституция – азаттықтың айшықты айнасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолумен жалғасын тапты. 

Шара барысында кешіміздің  қонағы Менситова Бейбітгүл Мағазқызының өмір жолын айшықтайтын шағын бейнесюжет оқырмандар назарына ұсынылды. Кездесу кешінде қадірменді қонақ  Ата Заңымыздың саяси тұрақтылық пен халық бірлігінің негізі екенін атап өтіп, оның басты ерекшелігі, қадір – қасиеті, заң талаптарының орындалуы туралы пікірін ортаға салып, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға  жауап берді.

Соңында аудандық кітапхана атынан Бейбітгүл Мағазқызына естелік сыйлық табысталды.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT