Қатаң тәртіпті сақтасақ, бұрынғы өмірімізге тезірек ораламыз

(0 Votes)

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!  

Құрметті Құрманғазы аудан тұрғындары, жерлестер! Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Шектеулердің жеңілдетілуінің салдарынан, аудан тұрғындарынан COVID-19 ауруы анықталуда, 1 адам қаза тапты.
Бұған қосымша осы адамдармен байланыста болған бірнеше адам карантинге жатқызылды. Ауданның Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысымен Ақкөл ауылдық округін 20 маусымға дейін карантинге жабуға және аудан көлемінде шектеулерді қайта енгізуге тура келді.
Сондықтан Сіздерден әртүрлі басқосулардан бас тартуды, көпшілік орындарда бетперде тағу режиміне көшуді, антисептиктерді үнемі қолдануды сұраймыз. 

Сонымен қатар ел болған соң қайғылы жағдайлар да болып тұрады. Осындай жағдайларда дұға бағыштау кезінде адамдарды реттеп кіргізуді, рәсімдерді мүмкіндігінше ашық алаң астында қысқа уақытта ұйымдастыруды, тамақ ішіп, дастархан басында отырудан бас тартуды сұраймыз.

Той, қонақтықтарды өткізуге түбегейлі рұқсат жоқ. Бұл мәселені жергілікті ауылдық округ әкімдері бақылауда ұстауда. Ахуал бұдан әрі күрделенсе карантин тәртібінің қайта енгізілуі де мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.

Бұның барлығы өздеріңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін жасалып жатырғанын ұмытпайық! Түсіністік танытады деп сенеміз.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бектемиров Жандос Мнафихұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521