Ата қоныстың адал перзенті

(0 Votes)

Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл нәтижелі еңбек етіп, аудан экономикасын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғыры биік тұлға, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы марқұм Харес Биляшевтің өзіне бұйырмаған 80 жасын дыңғызылдықтар аудан көлемінде атап өтті.

Алдымен оның зиратының басында аудан имамы Еламан Бегәлиев құран-дұға бағыштады.

«Құндыз» мейрамханасында өткен еске алу шарасын ардагердің шәкірті «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің директоры Сабыржан Сұлтанов ашып, мал тұқымын асылдандыруға сіңірген еңбегін, шаруашылықты озаттар қатарына қосқанын айтып, естелік хаты мен сыйлығын жұбайы Самарқу Рашатқызына тапсырды. Харес Биляшұлының замандасы, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев өткеннің естелігін жадыға оралтып, әріптесінің азаматтық келбетіне тоқталды.

bar

Аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев сөз сөйлеп, аудан әкімінің естелік хатын Самарқу Қабиеваға табыстады.

Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі Оралбай Азимов, ел ағалары Орынғали Құмарғалиев, Зинетолла Ақпанов, Райымбек Кереев, құдасы, өлкетанушы-жазушы Өтепберген Әлімгереев ардагердің алғаусыз еңбегі мен кісіге деген ұлы ізеті жайында сөз өрбітті.

khares

Еңбекшіліктер атынан Харес Биляшұлының қарамағында шопан болған еңбек ардагері Төлеп Өтеулиев, Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев, ауданның Құрметті азаматтары Мадат Сәрсекеев, Таңатар Дәрелұлы, прокуратура медицина салаларының ардагерлері Ғизатолла Мүрсәлиев, Сағидолла Кулов, Талғат Аманғалиев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Сәуменов тұғыры биік азаматтың тектілігі, іскерлігі, ұйымдастырушылығы, алғырлығы, алысқа жайылған абырой-беделі жайында сөз қозғады.

nurbolat

Еске алу шарасына жиналғандар ардагердің еңбек жолындағы жетістіктері сараланған бейнероликті тамашалап, аудан өнерпазы Нұрболат Исаевтың тағылымды әндерін тыңдады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521