Ғасыр жасын елеусіз қалдырмады

(1 Vote)

Бұзауслан ауылының тұрғыны Өміржанова Шәмел әжеміз ғұмыр жолындағы 100-інші көктемін қарсылап алып, ғасыр жасына толды.

Қазіргі жағдай біреудің жасын елеп, кіріп құттықтап жататын кезең емес. Егде жастағы адамдардың үйіне жанұя мүшелерінен басқа дәрігерлердің баруына ғана рұқсат бар.

z

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында елгезек жас маман, аудандық емхананың учаскелік дәрігері Жазира Еділбаева ғасыр әжені мерейлі жасымен құттықтап, әдемі гүл шоғын сыйлап бір қуантып тастады. Халін сұрап жиі келіп тұратын ақкөңіл, қабағы ашық дәрігер қызының бұл ісіне әбден разы болған кейуана ақ батасын берді. Әлі тың, көңіл күйі сергек әже маңдайынан иіскеп, өзінің жасына жетуін, бақытты болуын тіледі. Шипалы емімен біргей жүрегінің мейірімін қатар ұсынатын Жазирадай жайсаң жандар көп болса екен.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521