Асыл жандарды ардақтады

(1 Vote)

Көктемнің шуақты мерекесінде аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары мамандықтарына адалдық танытып, мейрам күні де кезекшілікте тұрған ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетті.

Алдымен аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесіне бас сұққан халық қалаулылары тіршілікке күретамыр болған ізгішуақ жандарды айшықты мерекемен құттықтап, олардың ана мен бала өмірін қорғаудағы еңбектерін айрықша атап өтті. Дәмді торттарын ұсынып, гүл шоқтарын табыстады.

infektsionnyj

Одан әрі аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне барған депутаттар әлемді дүрліктірген жаман індетпен күрестің бел ортасында да ерен ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген аяулы жандарды да қызу құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жарқын күндер мен сәттілік тіледі.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521