Асыл дініміз – ұлттық бірлігіміздің діңгегі

(0 Votes)

Соңғы кездері қоғамымыздың рухани өмірінде орын алып, жақсы үрдіске айналып келе жатырған оң өзгерістер, дінімізге бет бұрумен қатар, дін мен ғылымның өзара жақындасуы болашаққа үмітпен қарауға болатынын  көрсетеді.

Кез келген адамның жүрегіне жамандық пен зұлымдықтан гөрі, жақсылық пен ізгілік жақын. Міне, сондықтан да дініміздің адамдардың басын біріктіріп, өзара сұхбатқа, түсіністікке  шақыратыны да рас. Дін ұлтаралық араздыққа, адамдар арасында қалыптасып қалған қарым-қатынасты бұзуға үндемейді. «Мұсылман мұсылманға бауыр», «Өзіңе не тілесең, өзгеге де соны тіле», деп жақсылыққа шақырады.

Кезінде Абай атамыз айтқан «Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ» сияқты дарақылық жаман әдеттер, өзгеге құлақ асып, айтқан ақылға тоқтамай, менменшілдікке салынып, өзім білем деген өркөкіректік, шынын айтсақ қазіргі қоғамды да біртіндеп жайлап бара жатқаны жасырын емес. Сондықтан жастарымыздың білім мен ғылымға ұмтылуына әр қашан жағдай жасау мемлекетіміздің алғы шарттары болуы тиіс. Аталарымыздан қалған «ғалымның ғылыммен айналысқан бір сағаты,дүмшенің өмір бойы жасаған құлшылығынан артық» деген сөзі, ұлағаттық пен білімділікке ұмтылдыратыны сөзсіз. Пайғамбарымыздың «Бір сағат білім алған бір күн ораза ұстап, бір түн құлшылық жасағаннан артық», «Білімді Қытайдан болса да алыңдар», деп айтқаны ислам діні білімділерді бағалай білетінінің дәлелі. Ал, парасатты ашу, ақыл-ой еңбегін жоғары орынға қою туралы Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың идеясы – нағыз имандылыққа бетбұрыс. Тарихы тереңде жатырған, талай кезеңдерден өткен асыл дініміз – ұлттық бірлігіміздің, ауызбіршілігіміз бен сабырлылығымыздың, бір-бірімізге деген қамқорлығымыздың діңгегі болуы керек.

Өмірболат Есенғазиев,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521