«Астрахан-Манғышылақ» су өткізгішінен Құрманғазы су тазарту қондырғысына дейінгі су құбыры желісі шілдеде пайдалануға беріледі

(0 Votes)

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев «Құрманғазы ауданының 2022 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-«Астрахан-Манғышлақ» су өткізгішінен Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы су тазарту қондырғысына дейінгі су құбыры желісін салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта қабылдау жұмыстары жүруде, желі шілдеде пайдалануға беріледі. Бұл аталған елді мекеннің халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Ал, Котяев және Кудряшов ауылдарындағы су тазарту имараттары мен су құбырлар желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ 126 шақырым Қиғаш өзенінің түптереңдету жұмыстары жалғасуда, деді М.Мурзиев.

Сонымен қатар аудан әкімі Ақкөл ауылының ауылішілік электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде екенін жеткізді. Сондай-ақ оның айтуынша, аудандық маңызы бар 43 шақырым «Ақкөл – Ғ.Әліпов – Жыланды – 4 разъезд – Қиғаш» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде екенін айтты. Оған қоса, М.Мурзиев Ақкөл ауылының 10 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Облыстық маңызы бар «Құрманғазы-Приморье-Бірлік-Котяевка» автомобиль жолына күрделі жөндеу, ал «7 разъезд-Асан-Балқұдық-Сүйіндік» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолыа орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда, деді ол.
Брифингте аудан әкімі Сафон ауылдық округінің Затон учаскесіне көпір мен кіре беріс жолдарын салу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде екенін де айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT