Астана төрінде марапатталды

(0 Votes)

Адам қашан да еңбегімен қадірлі. «Еңбек – ер атандырады» деп халқымыз текке айтпаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласы бойынша Тәуелсіздік жылдары елімізде адал еңбек етіп жүрген мамандар, яғни, өз ісінің майталмандары қоғамда құрметке бөленуде.

Оларды кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету мақсатындағы нақты шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі ретінде денсаулық сақтау саласының кіші қызметкерлері арасында өткен, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның құрметті медбикесі» атты республикалық байқауды айтуға болады. Оған кең байтақ еліміздің әр өңірінен медицина саласының қызметкерлері қатысып бақтарын сынады.

Ауданымыздан  Құрманғазы аудандық емханасында 30 жылдан астам медбике болып қызмет атқарып жүрген Хисина Мырзан Избанқызы, Мамбетова Замира Ғалымжанқызы, Қабиева Гульфарам Шарапқызы қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Астана төрінде, Ұлттық музейде өткен салтанатты шарада марапатталып, медицина саласындағы көп жылғы ерен еңбектері еленіп, кеуделеріне «Қазақстанның құрметті медбикесі» төсбелгілері тағылды. Олардың бұл марапаттары аудан тұрғындарының денсаулығы үшін күресте алғы шептен көрініп жүрген ауданымыздың барша медицина қызметкерлеріне берілген лайықты баға деп білеміз. Алға қарай да абырой-бедел биігінен көріне беруіне тілектеспіз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT