Астан уланғанның зардабы ауыр

(0 Votes)

«Атамекен» ҚР ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы ауданындағы филиалымен бірлескен түрде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Атамекен» ҚР ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлерді қолдау палатасының Құрманғазы филиалы және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гаухар Тоғаева семинарды ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Басқарманың жетекші маманы Болған Абилова ҚРДСМ 17.02.2022жылғы №ҚРДСМ-16 «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», ҚРҰЭМ 06.06.2016жылғы №239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», ҚРДСМ 15.10.2020жылғы №ҚРДСМ-131/2020 бұйрығымен бекітілген «Алдын-ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» санитарлық қағидалары жайлы толық түсіндірді. Ал, басқарманың бөлім басшысы Азамат Жандыбаев ҚРДСМ 30.11.2020 жылғы №ҚРДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиологиялық мәні бар обьектілердің тізбесін бекіту туралы», ҚР ДСМ 30.12.2020жылғы №ҚРДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» санитариялық қағидаларына шолу жасады.

Сонымен қатар семинарда АОСЭБД-нің 28.03.2023жылғы 24-28-8-7/657 және 04.04.2023жылғы №24-28-8-7/758 санды хаттары негізінде «Тамақтан уланудың алдын-алу мақсатында тамақтану субьектісімен өзара іс-қимыл туралы» келісімнің үлгісі таныстырылды. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер жұмыс барысында қазіргі таңдағы Кодексте енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді негізге алатынын жеткізді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT