Аспан қызы Айнарым

(0 Votes)

Нұрбаева Айнарым Берікқызы – әуесқой суретші. Бірақ оның салған суреттері кәсіби суретшілердің туындыларынан кем емес. Суреттерінен  жүрек лүпілі, көңіл толқынысы, сезім сыңғыры, қиял ұшқырлығы анық сезіліп тұрады.

Сондай-ақ ол өз суреттерін аса ыждағаттылықпен, іңкәрлікпен, махаббатпен шебер салған. Айнарым Астрахань қаласында 2010 жылдың 16 қыркүйегінде дүние дидарын ашты. 2 жасында Ганюшкиннің «Өркен» балабақшасының қазақ тобына қабылданды. Кейін 4 жасында аталған балабақшаның орыс тобына ауысып, 6 жасында Ломоносов мектебінің табалдырығын аттаған. Мектепті үздік оқыған Айнарым салмақты, көпшіл, сабырлы болатын. Айналасын доспен қоршай білген ол үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білді. Санаулы уақыт ішінде отбасына жұбаныш болатын естияр естеліктер қалдырып үлгерді. Жаңа дүниелерді ойлап табуға бейім Айнарым көрші балалар арасында жаңа ойындарын да ойластырып бірге уақыт өткізуді жөн санайтын. Мектеп қабырғасында жүріп сыныптастарының бейнесін суреттеп өздеріне сыйлық ретінде ұсынған да екен. Жасындай жарқылдаған жауқазын 2022 жылдың қаңтар айында «жедел миелоидті лейкоз» ауруына шалдығады. Қайсар қыз бірнеше ай қан ісігі дертімен күресіп шыдамына шек келтірмей дүниеге жаңаша көзбен қарауа мейлінше талпынып, ауруды жеңіуге бар күшін сарп етті. Тағдырдың жазуы, Тәңірдің қалауы ғой... Дерт дендеп Айнарым 2022 жылдың 20 шы шілдесінде өз әлеміне кете барды. Кіп-кішкентай жүрегімен үлкен әлемді өздігінше қабылдаған Айнарымға халықтың қолдауы да аз болмады. Қаумалаған қалың қазақ, құрманғазылық ағайындар мен жаны жомарт жақсылар Айнарымның еміне деп ашылған есепшотқа әп сәтте межелі қаржыны жинап, құлан таза айығуына сенім берді. Кішкентай қайсар қыз осының бәріне куә бола тұра ертеңінің кемел болатынына шүбәсіз сенді. Небәрі 11 жастағы Айнарым «Боги добра и зла» атты 2 бөлімнен тұратын ертегі жинағын жазып қалдырған. Мұнда Лайфадиста, Шахерезада, Гулсерен, Амбар Азан, Акбар Алар, Ламаз Абдду, Зайнап, Хаджу секілді кейіпкерлерді шебер суреттеген. Осы ретте көпшілікке Айнарымның өз қолымен жазып қалдырған орыс тіліндегі ертегісі қазақ тіліне аударылып басылым беттеріне жарияланатынын айтқымыз келеді.

s

s

Айнарым сурет салуды алғаш қалам ұстауды үйренгеннен бастаған дейді анасы.  Анығында осы өнерге 4 жасында бет бұрған Айнарым «Великая Художница» боламын деп армандаған екен. Бастапқыда ол  Қанатты пырақтар мен сиқырлы перизаттардың кескінін салыпты. Әлемі басқа, болмысы бөлек оның салған суреттерінің тақырыбы да ерекше. Мәселен туындыларының бірқатарына «Небесный Рай», «Воздух и ветерные лошади», «Девушка водопад», «Мертвая лебедь», «Сказочная луна», «Долина в Индии», «Волшебная кухня», «Стихия воздуха», «Стихия воды», «Стихия земли» секілді атауларды қойған. Бұған қарап біз Айнармның жұмыр жердің емес, шексіз аспан әлемінің қызы,  ұшқыр қиялдың иесі екенін анық байқаймыз. Сонымен қатар ол натюрмортты да ыждахаттылықпен салатынын көруге болады.

s

s

11 жаста бола тұра түстерді үйлестіре білгеніне де таңдасныспен қарайсыз. Туындыларын көпке көрсетуді қаламайтын, байқауға ұсынғанды жаны сүймейтін оның «Өсіп үлкен дәрежеге жеткенде көрме ұйымдастырамын» деген аласармас арманы да болатын. Шығармашылыққа жаны құмар Айнарымның салған суреттері, жылы естеліктері бізге жұаныш болып қалатыны хақ. Кішкентай жүрегіне сырлы әлемді сыйдыра білген Айнарым бізге осындай теңдессіз талантымен алданыш. Сын сәтте қолдау білдірген Серперлік оқырмандарға ризашылығымызды білдіре отырып кішкентай талант иесінің туындыларын ұсынуды жөн санадық.

suret5

s

s

 

 

Ақтілек Абайқызы,

Әпкесі

«Қазақстан Атырау» телеарнасының тілшісі

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521