Асхат Дауылбаев Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне қайта тағайындалды

(0 Votes)

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады.

«Конституцияға сәйкес, біз Асхат Дауылбаевты Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындаған болтынбыз. Бүгін оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты Ата Заңға сәйкес, А. Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынып отырмын», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

А. Дауылбаев құқық қорғау саласында, оның ішінде прокуратура органында көп жылдар бойы еңбек еткен білікті әрі тәжірибелі тұлға. Ол 1987 жылы Свердловск заң институтын үздік бітіргеннен соң еңбек жолын Алматы қаласының прокуратурасында бастап, Алматы қаласының бірқатар аудандарында прокурордың орынбасары, Алматы қаласы төрелік сот төрағасының орынбасары секілді лауазымдарды атқарды. 1997 жылы ҚР Әділет вице-министрі болды. 2001 жылы ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалып, ол қызметте 2011 жылдың сәуіріне дейін қызмет етті. 2011-2016 жылдары ҚР Бас прокуроры қызметін атқарды.

Egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521