Асхат Алимов Абай мектебінде

(0 Votes)

Атырау облысы әкімінің қолдауымен бастау алған «Білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсету» жобасына ауданымыздың үздік 7 мектебі таңдап алынған болатын.

Осы ретте, бұл білім ошақтарының ұстаздарына да талап күшейіп, артылар жүктің де екі еселенгені анық. Өйткені толассыз идея мен үздіксіз даму үшін де көп ізденіс қажет. Соған сәйкес, аталған тізімге енген мектеп ұстаздарына біліктіліктерін арттырып, тәжірибесімен бөлісу үшін Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Асхат Алимов ауданымызға арнайы келген еді. Ол екі күнге созылған сапарының нүктесін Абай атындағы орта мектебінде қойды.

6138c1a1-1e4d-4c43-8b2b-2ba044774c68

Аталған білім ғимаратының педагогтарымен өткен кездесу барысында жаңарған жүйеге қатысты біліктіліктерімен бөлісіп, мұғалімдер тарапынан қойылған көкейкесті сауалдарға жауап берді. Онда түрлі көңіл-күйді білдірер смайликпен бағалау, ұстаз бен ата-ана тарпынан жіберілетін қателіктер, білім берудегі әдіс-тәсілдер туралы ой алмасты. Мұғалім оқушының айнасы десек, сол сипатқа лайық болуда ұстаз бойынан қандай деңгей қалыптастыру қажеттігі сөз болды.

Жиын соңында мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы арнайы уақыт бөліп, педагогикалық шеберлігімен бүкпесіз бөліскен Асхат Алимовке ұжым атынан алғысын жеткізді. Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521