«ASHYQ» ашық па?

(1 Vote)

Тәжтажал белең алғалы бірқатар шектеуге мәжбүрміз. Еліміздегі кейбір бизнес түрі сол шектеумен жұмыс істеп, кірісіне үлкен шығыс келтіріп жатқанына көрген көз куә. Бұл біздің ауданда да бар.

Мәселен, соңғы екі жылда жергілікті кәсіпкерліктің 145 субьектісі тоқтап, пандемия салдарынан бизнесін жандандыра алмауда. Өйткені адам көп уақыт бойы жабық нысанда шоғырланған, көпшілік жиналған жерде вирустың қаупі жоғары. Ал, осындай жұмысын шектеуге мәжбүр орынның толық жабылуының алдын алатын, әрі шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.

Алдымен ойға бұл жобаның пайдасы қандай деген сауал оралады. Бұл әлі де талқыланып жатқаны да жасырын емес. Ал, қауіпсіздік оның бірінші мақсаты. Қазір кез-келген ауру белгілері бар не симптомдары жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Дегенмен өзін-өзі оқшаулау режимінің бұзылып жатқаны да бар. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барады. Солай вирустың таралуына себепші болады. Міне, біз айтып отырған қосымша осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа тұтынушылардың қауіпсіздігін сақтайды. Бұл қалай жүзеге асады? «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану мен Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни оның вирус жұқтырғаны не жұқтырмағанын анықтауға болады. Айта кетейік, кәсіпкерлер де, азаматтар да бұл қосымшаны қолдануға міндеттелмейді.

Бұл қосымшаны қолдану  көп уақытыңызды алмайды. Белгілі бір нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеуі керек. Кейін байланыс нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ін енгізеді. Оны тіркеу үшін QR-кодын сканерлейді. Экранда статусы жасыл, сары және қызыл түсте көрінеді. Мекемеден шыға берісте нысаннан шыққандығын тіркеу үшін  QR-кодын тағы сканерлейді. Мұндағы жасыл – жүріп тұруда қиындықтың жоқтығын, сары түс – деректер базасында байланыста болғандар есебінде екендігі, ал қызыл түс – жүріп-тұруы шектелгендігін,яғни коронавируске нәтижесі оң екендігін білдіреді.

Қазіргі таңда облысымызда бұл қосымшаны енгізу әлі қарастырылмаған. Аудандық әкімдікте вакцинацияға байланысты өткен жиналыста облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев алдағы уақытта бұл қосымшаны енгізілетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, осы қосымшаның айналасында тараған түрлі қаңқу сөзге сенбеу керектігін қаперге берді.

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521