Ашық есік күні

(0 Votes)

Елімізде жол саласында еңбек ететін мамандарға сұраныс жоғары.

Осы мәселені шешу мақсатында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған насихат жұмыстарын қолға алды. Соның бірі - бүгін "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Атырау облыстық филиалында болашақ жолшыларға арналған ашық есік күні өтті.

Атырау облысында жолшылар даярлайтын оқу орыны жоқ еді. Атырау энергетика және құрылыс колледжі биылғы оқу жылында "Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану" мамандығы атты топ ашқан. Қазір аталған мамандық бойынша 15 студент білім алуда. Бүгінгі ашық есік күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды. Жақында филиал зертханасы күрделі жөндеуден өтіп, 3 бөлме зертхана типінде арнайы жасақталған болатын.

img-20210318-wa0128

Студенттерге зертхана меңгерушісі Ж.Шарипов, инженер С.Қанатова, зертханашылар С Жолдиева, Ж. Сағынғалиева, Д. Кенжешов, Д.Хайруллин жол құрылысы кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасын тексеруді, қиыршықтас, битум, асфальт-бетонның тығыздығын, төзімділігін анықтауды көрсетті. Жаңарған құрылғылармен таныстырды.

img-20210318-wa0126

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ләззат Еділханқызы Өтепова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521