Асан ауылында ардагерлер жастарға барлық істе үлгі болуға тырысады.
Бүгінгі сайлау күні де сол үдеден жаңылмады. 84 жастағы Кишимов Есім ағамыз жұбайымен келіп дауыс беріп кетті. 83 жастағы Сариев Серік ақсақал да үлкендігін сылтауратып үйінде жатып алмай өз аяғымен келіп таңдауын жасады. Бұл жастар мен орта буынға үлгі боларлық жайт.