Асан мен Кудряшовта – жаңа әкім

(0 Votes)

Жаңа әкімге бірінші кезекте тұрғындармен өзара түсіністікте, тіл табыса жұмыс жасауды, олардың мұң-мұқтажына жете мән беруді тапсырды.

Өйткені бұл қызметтегі лауазымды тұлғаның ең басты міндеті қарапайым халықтың мүддесі үшін тер төгу екендігін ескертті. Сондай-ақ, аудан орталығынан жырақ орналасқан округтің проблемаларын шешудің тиімді жолдарын қарастыру қажеттігін айтып, 2013 жылдан ауыл басшысы болып келген Қабдіражитова Гүлім Жамеледенқызына атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Жиынға қатысқандар өздерінің таңдауымен сайланған жас әкімнің қаперіне жауапкершілігі мол жүк артылып отырғандығын беріп, жұмысына сәттілік тіледі.

kptoaj-kimi-1

Жаңадан сайланған әкімдерді орнына отырғызу Кудряшов ауылында тәмамдалды. Аудан әкімі Марат Мурзиев жергілікті қауымдастық мүшелері мен Кудряшов ауылдық округінің мамандары қатысқан жиында жаңа әкімді таныстырды.

- Жаслан Сүндетов өзінің еңбек жолын Еңбекші ауылдық округінде жетекші маман болып бастады. Кейінннен бас маман қызметін атқарды. Соңғы уақыттарда Байда ауылдық округінде бас маман лауазымын лайықты атқарып келді. Осылардың негізінде ауыл адамдарымен жұмыс жасау оның қолынан келеді деген ойдамын. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін бұл ауылдың әкімі болған Сақтапберген Ертелеуовтың өкілеттік мерзімі аяқталды. Ол сегіз жылға жуық уақыт абыройлы қызмет атқарып, ауылдың көркеюіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Сақтапберген Хилуұлына алғысымды айта отырып, Жаслан Сүндетовты жаңа орнымен құттықтаймын, - деді Марат Бисенғалиұлы.

Аудан басшысы жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отырып, ауылдың түйткілді мәселелерін шешуге жұмыстануды тапсырды.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан қоғамдық кеңес өкілдері де Жаслан Әндіржанұлымен бірге қоян-қолтық жұмыс жасап, ауылды оңалту, одан әрі дамыту бағытындағы өз ойларымен бөлісті.

А.НӘЖІМОВ,

Ж.ҚАЙРЕДЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521