Қаржыгерлер ұлығыланды

(0 Votes)

Теңге күніне орай «Ұлттық теңге – даму көзі елімен» атты қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Санитарлық талапты, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап өткен шарада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасанова жасаған баяндамада күй өңірінің қаржы қызметінің қалыптасуы түгелдей қамтылып, аға буын ардагерлердің, кейінгі толқын сала мамандарының есімдері аталды.

arzhygerler

Құттықтау сөзін жеткізген аудан әкімі Қайрат Нұртаев бұдан 27 жыл бұрын өмірге келген төл теңгеміз ел тарихында Қазақстанның дербес даму жолына түскендігін айғақтаған елеулі оқиға болғанын атап өтті. Облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен және «Атырау облыстық мәслихатының 25 жылдығы» төсбелгісімен сала ардагері Абдрахим Абдуллин, Әлия Сатекова ұлығыланса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасановаға облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

arzhygerler4

arzhygerler-1

Сондай-ақ, қазіргі уақытта нәтижелі еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев ұлттық валютамыздың одан әрі өркендеуіне, қаржыгерлердің кәсіби жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдіріп, аудандық мәслихаттың алғыс хатын сала ардагерлері мен қызметкерлеріне тапсырды. Қаржы саласының ардагері Күләш Нұғманова ізбасар әріптестеріне жүрекжарды тілегін жолдады. Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін орындады.

arzhygerler-5

arzhygerler3

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521