Елімізде өтіп жатқан саяси науқанда Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі қызметкерлері де белсенділік танытып, ел болашағы үшін дауыс берді.
"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" деп Шәкәрім бабамыз айтпақшы, биылдың сайлау науқанының ерекше екені байқалады. Олай дейтін себебім, бүгінде барлығымыздың саясаттан хабарымыз бар. Бұл дегеніңіз, елдің ертеңгі тағдырын болжай білетіндігімізді білдіреді. Сондықтан, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, осы науқанға баршамыз атсалысайық, - дейді аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Баян Олжабаева