Құрманғазылық тұрғын қарызын қайтару үшін мал ұрлаған

(0 Votes)

Жыл басынан бері атыраулық полицейлер мал ұрлығымен айналысқан 23 қылмыстық топты құрықтады. Оларға қатысты 117 мал ұрлығы фактісі дәлелденді деп, хабарлайды Atpress kz. сайты.

Тамыз айында Құрманғазы ауданының тұрғыны өзінің танысынан қарызға 20 мың теңге алған, алайда, ақшаны мерзімінде бере алмай, қарыз орнына қой беруге уағдаласқан.

Осыдан кейін ол Сүйіндік ауылдық округінде орналасқан қой қораға кіріп, бір отар қойды айдап кеткен. Ішіндегі жақсыларын таңдап алып, танысына береді.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің күшімен жедел іздестіру іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол сол ауылдың еш жерде жұмыс істемейтін және бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті тергеуде. ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігі – "мал ұрлығы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Atpress kz.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521