Арыз артында - адам тағдыры

(0 Votes)

2021 жылдың сәуір айы ішінде Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 391 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, (2020 жылдың сәуір айында -361 өтініш) 30-ға артып отыр.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені – 131 (2020 жылғы сәуір айында – 121 ). Қайталама өтініш саны-1.

2021 жылдың сәуір айында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-1, «Нұр Отан» партиясынан әзірге өтініш түскен жоқ. Құрманғазы аудандық прокуратурадан -5 өтініш, электронды үкімет порталынан - 17. Аудан әкімінің блогына әзірге өтініш түскен жоқ.

Қаралған барлығы 391 (түрлері бойынша 359- өтініштер, 3- шағым, 29- басқалары) 153 -не заң шеңберінде тиісті түсінік берілді, 23 өтініш қаралуда. Қалған 118-і оң шешілді. Соның ішінде шешілгендердің 143-сі жер, әлеуметтік 2-і, 3-еуі коммуналдық, 2-еуі кәсіпкерлік, жұмыспен қамту-1, 16-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің мәселелері тұрғын үй бөлу- 7, коммуналдық-шаруашылық- 13, еңбек және жұмыспен қамту -2, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 7, білім және оқу ақысын төлеу –2, жер және жерді пайдалану – 291, денсаулық сақтау - 1, кәсіпкерлік - 6, құрылыс - 4, ауыл шаруашылығы – 1, ономастика-1, басқа да мәселелермен- 56.

Есептік кезеңде аудан әкімімен барлығы 3 қабылдау өткізіліп, 8 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Оның ішінде 8 азаматтың мәселесі (тұрғын үй мәселесі, коммуналдық шаруашылық және т.б мәселелер) заң шеңберінде түсінік берілді.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның Серпер баспасөз бетіне жарияланады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының талаптарын сақталуы бойынша жұмыстар үнемі бақылауда болады.

Қайрат Бөлеков,

аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521