Қарулы Күштерміздің офицері болғыңыз келсе

(0 Votes)

Еліміздің Қарулы Күштерінің офицерлерін және кіші құрам сержанттарын дайындайтын әскери оқу орындары елімізде саусақпен санарлықтай.

Атап айтқанда Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери институты Алматы қаласында орналасқан болса, Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Ақтөбе қаласында орналасқан. Ал бөлімше коминдирлерін басқаратын кәсіби сержанттар дайындайтын бірден-бір оқу бұл Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы. Аталмыш әскери оқу орындарын әр жылдары бітірген біздің ауданның түлектері қазіргі күні өз кәсіби мамандықтары бойынша еліміздің әр түкпіріндегі Қарулы Күштеріміздің әскери бөлімдерінде абыройлы әскери қызмет өткеріп жүр.

Бұған қоса қазіргі күні еліміз бойынша азаматтық оқу орындары жанынан офицерлік бағдарлама бойынша оқып бітірген запастағы офицерлерді де «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 32 бабына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізіліп жатыр. «Жиырма тоғыз жасқа дейінгi, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.» делінген. Сонымен қатар Атырау, Бейнеу, Ақтау қалаларындағы Құрлық, Әуе қорғанысы, Әскери-Теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне тұрақты түрде әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау жасы сарбаздармен сержанттар құрамына 19 жас бен 29 жасты қоса алғандағы әскер қатарына барып келген ер азаматтар қабылданады. Медициналық білімі және еңбек өтілі бар азаматшаларда әскери бөлім командирлерінің сұранысы бойынша қабылданады.

Әскери қызметтің артықшылығы, қазіргі қолданыстағы заңдылықтарға байланысты баспанамен қамту, әлеуметтік төлемдер, балабақшаларда балдары кезектен тыс қабылданады. Өзі және отбасы мүшелері тегін медициналық мекемелерде емделулері, ерте жастан зейнеткерлікке шығуы, комуналдық шығындары үшін еңбекақыдан бөлек үстемеақы төленулері, айсайынғы тұрақты табыс, мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қордан ай сайынғы үкімет белгілеген нормада зейнетақы қаражатынжүргізуі. т.б.с мемлекеттік қаммсыздандыруда болатыны айырықша айтылып келеді. Биылғы жылы ауданымыз бойынша әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған азаматтарымыз бар және тұрақты олар тұрақты әскери қызмет етуде.

 

 

Келісімшартпен әскери қызметке қабылдау жөніндегі

инспекторы М. Калиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521