«ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы

(0 Votes)

ҚР ІІМ-нің және Көліктегі ПД-нің нұсқауына сай, Атырау ст. Желілік полиция бөлімі Ганюшкино ст. Желілік полиция бөлімшесінде қызметтік және азаматтық қарумен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ заңсыз айналымдағы қаруларды анықтау, тәркілеу мақсатында 2021 жылдың 17 мамыр-16 маусым аралығында «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсаты аудан көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу, олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау, атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу болып табылады.

Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу болып табылады.

Іс-шара кезінде темір жол бойына жақын орналасқан қызметтік және азаматтық қару иелері тексеріліп, аудан аумағында рейдттік тексерулер жүргізілетін болады.

 

 

Қ.Ералиев,

Ганюшкино ст.ЖПб бастығы

полиция капитаны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521