Арналардың түбі тереңдетіледі

(2 Votes)

Елдегі қалыптасқан ахуалға орай ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде өтуде.

Бұл жолы онлайн форматта тұрғындар алдында есеп берге Бірлік ауылдық округінің әкімі Гүлжазира Абенова өз хабарламасында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, білім беру және басқа салалар бойынша қамтылған жұмыстарды атап өтті. Жүзеге асқан игі істерді, өткен жылғымен салыстыра баяндады.

Ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Айгүл Мұфтахова «Қазақтелеком» АҚ Құрманғазы аудандық филиалына ғаламторға қосу жөнінде өтініш бергенін, алайда, бұл мәселе әлі күнге шешілмей келетінін жазыпты. Балалары билайн мобильді қосымшасы арқылы сабақ оқып жатқанын, оның жылдамдығы өте әлсіз екенін жеткізген. Шаруа қожалық иесі Оразбай Қаратаев көрші Сафон ауылындағы жылқы малының көбі өздерінің шабындығына түсіп, жайылымында жайылатынына ренішін айтып, мал иелері төрт түлігін қадағалауға алса деген өтінішін білдірген. Ауыл тұрғыны Абай Есеев ауылішілік жол төселгенде Қиғаш көшесі жобаға кірмей қалғанын алға тартып, алдағы уақытта оны жоспарға енгізуді ұсыныс етті. Амангелді ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанна Камлова ауылішілік жол салу жөнінде тұрғындардың ортақ өтінішін жеткізсе, Имашев атындағы жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әділбек Изимов жастардың спорттағы жетістіктерін саралап, спорт кешені тұрғызылса деген тілегімен бөліскен.

Тұрғындардан түскен ұсыныстар мен сауалдарға округ әкімі Гүлжазира Абенова толыққанды жауабын қайтарды. Тікелей эфир барысында «Құрманғазы-Бірлік» бағытындағы айналма жолға қатысты сұрақтар қойылды. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектемиров аталмыш жолдың құрылысы биыл да жалғасын табатынын қаперге беріп, аудан бойынша қосымша түп тереңдету жұмыстарын қажет ететін арналарға ЖСҚ жасақталып жатқанынан хабардар етті. Оның ішінде ауылдық округтегі Атөткел, Тынық, Утеринский, Сущиный арналарының жалпы ұзындығы 95 шақырымы құжаттамаға енгенін айтты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521