Арнайы құрмет көрсетті

(0 Votes)
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қыстың аязы, күздің жаңбыры, жаздың аптап ыстығында қолдарына сыпыртқы мен күрек ұстап көше тазалығында жүретін ақылы қоғамдық қызметкерлердің еңбегі ерен. Олар қандай құрметке де лайық.
 
Осы орайда, 1 наурыз – “Алғыс айту күнімен” округ әкімі Ж.Турегалиев ауылымыздың әсемдігі мен тазалығына жауапты ақылы қоғамдық жұмыс қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын берді.
 
Ауылымыздың ажарын арттырып, шырайын кіргізген, ен бойына қылау жұқтырмай жан аянбай еңбек етушілерді “Алғыс айту” күнімен құттықтап, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT