Арнайы келіп құттықтады

(0 Votes)

Аудандық соттың  судьясы  Бейбітгүл  Менситова  28  маусым – Бұқаралық  ақпарат құралдары  қызметкерлері күні  мерекесіне  орай,  сот әкімшісінің басшысы Салтанат Мусина, жетекші маманы Гүлшара Таңатаровамен бірге  аудандық  «Серпер» қоғамдық-саяси  газетінің  редакциясын  кәсіби  мерекелерімен  құттықтады.

Облыстық,  аудандық  газеттердің   көшбасшысы  болып  келе  жатқан газеттің   бас  редакторы   Айнагүл  Шакуповамен  өзара  әңгімеде  Бейбітгүл  Мағазқызы бірлескен жұмыс  барысына, басылымның  қоғамдағы  орынына  жоғары  баға  беріп, ұжымның шығармашылық  табыстары  еселей  түссін, оқырманның  ыстық  ықыласы  мен  құрметі арта  берсін  деген  ізгі  тілегін  жеткізді. Аудандық  «Серпер»  қоғамдық-саяси  газетінің бас  редакторы  Айнагүл  Күнұзаққызы  арнайы  келіп  құттықтап жатқандары үшін өз тарапынан  ризашылығын  білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521