Арнада – жаңа саябақ

(0 Votes)

«Ауылына қарап азаматын таны» деп жатады. Расында да солай.

Сәні мен салтанаты келісіп жатқан Арна ауылында да елді сүйсінтетін жақсы істер аз емес. Редакциямызға зейнеткер Дауаш Исмағұлов арнайы келіп, ауыл жастарына үлкен ризашылығын білдірді. ​Жақында ауылда жаңа саябақ бой көтеріпті. Игі істі ұйымдастырушы, жас кәсіпкер Жәнібек Қуанәлиев бұл бастамаға кішкентай балалардың жол бойында көліктермен жағаласып ойнап жүргені түрткі болғанын айтады.

2356575d-3b31-49c0-b577-2f958673a984

Бүлдіршіндердің емін-еркін, еш кедергісіз құмарлары қанғанша ойнайтын бір алаң салынса, кәрі-жас бос уақыттарын қызықты өткізсе деген ойын ірікпей, өзі қатарлас достарымен бөліседі. Бұл ойды бірден қолдай кеткен жолдастары «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» дереу мүмкіндіктерінше қаражат жинауды қолға алыпты. Осылайша барша жомарт жандардың арқасында бас-аяғы 1350000 қаражат құралады. Жергілікті әкімдік те қайырымды жұмысқа қырың көзқарас танытпаған.

​Бүгінде саябақтың сырты түгел қоршалып, іші абаттандырылған. Алдағы уақытта атқарылған шараға қосымша балаларға қажетті әртүрлі спорт құрылғылары, сырғанақ, құмсалғыш орнатып, ойыншықтармен толықтыру жоспарланып отыр. Ұшқан ұя, туған топырағының қадір-қасиетін ұлықтаған ұлтжанды азаматтардың арқасында ауыл ажарлана бермек.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521