Арнада жаңа саябақ ашылды

(0 Votes)

Кудряшов ауылдық округіне қарасты Арна ауылында жастардың қолдауымен жаңа саябақ ашылды.

arnada-sayaba2

Оның ашылу салтанатына қатысқан округ әкімі Жаслан Сүндетов құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдіріп, саябақтың ішіне балаларға арналған ойын алаңын жасақтауға демеушілік жасаған «ММС-Арна» ЖШС басшысы Қайрат Жаулиевке алғыс хатын табыстады.

arnada-sayaba1

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Рамазанов ақжарма тілегін жеткізсе, ардагер ұстаз Мүлкат Темірболатқызы тұрғындар игілігіне беріліп жатқан саябақты алдағы уақытта күтіп-ұстаудың маңыздылығын айтты. Ерікті жас Ринат Досниязов барша жомарт жандардың арқасында саябақтың сырты қоршалып, іші абаттандырылғанын тілге тиек етіп, қайырымды іске қырың көзқарас танытпаған жергілікті әкімдікке де алғысын білдірді.

arnada-sayaba3

Бүлдіршіндер атынан сөз сөйлеген Илана Хамитова игі жұмысты атқарған ағаларына үлкен ризашылығын айтты.

arnada-sayaba4

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT