Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу 1 қыркүйекте аяқталады

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 20-шы мамырында «Қазақстан азаматтарының Арменияда тіркелген жекелеген көлікті ҚР-на әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің №306 қаулысы ресми республикалық БАҚ-та жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген рөлі сол жақта орналасқан армян көліктері уақытша тіркеуден өтеді. Тіркеу кезіндегі міндетті төлемдерге келетін болсақ, үш төлем бар: тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмерін ұсынуы керек. Егер құжат қазақ немесе орыс тілінен басқа тілде жасалған болса, аударылып, нотариуспен расталуы қажет.

Тұрғындарға арнайы тіркеу мәселесін жеңілдету мақсатында аудандық полиция бөлімі мен Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасынан сары мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгілерін алып, аудан орталығында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырды. Яғни тіркеу жұмысы сол орталықта жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша Call орталығының 98-30-55, 8-775-056-94-68 телефон нөмерлеріне хабарласуларыңызға болады.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521