Арман-ұшқын осындайда оянады

(0 Votes)

Құрманғазы ауданынан еліміздің жоғары әскери оқу орындарында оқитындар қысқы каникулда өздері оқыған мектепке барып, ұстаздарымен, оқушылармен кездесу өткізуі дәстүрге айналып келеді.

Абай атындағы және Ақкөл, Еңбекші орта мектептірінің түлектері Қабілетұлы Ғасырбек, Маратұлы Жанарыс, Салаватов Жандос Русланұлы өткен жылдың мамырында қанат қағып кеткен алтын ұяларында болып, әскери өмірі, оқуы жайлы әңгімелеп берді. Күні кешелері өздеріндей жоғары сыныпта оқып жүретін балалардың бұл күнде сымдай тартылып, дене бітімі ерекшеленіп, күштері толысқандарын көздерімен көрген ізбасар інілерінің қызығушылығын оятқаны сөзсіз. Түрлі сұрақтардың астына алып, әскери киімге қызыға қарап фотосуретке түсіп жатты.

Мұндай кездесулер Б.Бегәлиев атындағы, Нұржау орта мектептерінде болды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери даярлық жөніндегі инспекторы А.Шарипов мектеп бітіргелі отырған түлектер алдында Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында оқитын аталған жігіттерді үлгі ете отырып, әскери оқудың тиімділігі туралы сөз қозғады. Курсанттар Кадет корпусындағы тәртіп, оқу пәндері, далалық полигонда өтілетін практикалық сабақтар, сабақтан кейінгі тәрбие-идеологиялық жұмыстар жайлы әсерлі әңгімеледі.

А.САЛАХЕДЕНОВА,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521