Қарлығашың, су сепкен қанатымен

(0 Votes)

Қарындасым, нұр шашқан қарақат көз,

Қадіріңді сезінген парасатты оз!

Жағаласа кетемін жауым көріп,

Айтылып жараласа жарақат сөз.

Жабырқамас жаныңның жазы керім,

Бастан асып жатады әбігерің.

Талапайға түскенде талай тағдыр,

Жанын аман сақтаған дәрігері.

Ретті, жүрсең егер қай күн күйіп,

Сырқатқа жүрегіңді жайдың жыйып.

Былай кез үміт артып кім келмесін,

Қарсы алдың қарапайым, жай жымиып.

i

Үйде сен отбасының отанасы,

Әйелге шаруа көп ғой, босамашы!

Төбесі Мирғалидың көрінгенде,

Қонағы келе жатар қоса басып.

Ұрпақ үшін қай ана қамданбаған,

Кезікпе деп тіледің жандар жаман.

Баршасы ақ жолда жүр ардан аспай,

Айналаңда оны жоқ аңғармаған.

Әйелдікпен шықпаған артық үні,

Тек мен емес, ел айтар жалпы мұны.

Ұрпағына қашан да қамқор ана,

Немере мен жиеннің алтын күні.

Азаматтың ақылдан тозбасы да,

Қойды жұрты лайықтап сөз басына.

Шынардай бой сызылып, иіледі,

Құдай куә әдептен озбасына.

Бір тал гүлдей нәзіктен, нәзіктерден,

Шипа табар қолынан қажып келген.

Кісімсініп тұрмайды кім келсе де,

Кісілігі алтынмен әдіптелген.

Артық емес, тұрады мыңға десем,

Азаматтың айбыны шыңға жетер.

Қарағымның жүрек құлпын сырт еткізген,

Мирғалидан бақытты кім бар екен?

Қуаныш бер, қайғы әрмен қара түнек,

Қабыл болсын, ата – ана, бала тілек.

Саулығынан сауап ал әз жұртыңның,

Қарлығаштай су сеуіп қанатыңмен.

Таңатар Дәрелұлы,

10.V.2020 жыл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521