Архившілер марапатталды

(0 Votes)

Құнды құжаттарды іздейді, өңдейді, көздің қарашығындай сақтайды және онымен бөліседі.

Осылайша, тарихтың бұрмалануына, жоғалуына жол бермейді. Бұның барлығы – архившілердің еңбегі. Кәсіби мерекелеріне орай аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова ауданымыздың архив қызметкерлерін құттықтап, қабылдау өткізді.

a

Елдің өткенінен сыр шертетін, құпия болған жайттарды мәлім ететін ақпараттар аудандық архивте сақтаулы тұрғанына, мұрағатшылардың айрықша еңбегіне тоқталды. Бұдан кейін сала ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Келесі кезекте аудандық архивте басшылық қызмет еткен ауданның Құрметті азаматы Ғаділхан Қалиев өткен жылдары архив ісіне Үкімет тарапынан көңіл бөлу кенже қалғанын, қазіргі уақытта бұл олқылықтың орны толтырылып, оңды істер атқарылып жатқанын айтып, саланың  ел, халық  үшін маңыздылығын тілге тиек етті. Аудандық архивтің басшысы Берік Қаменов құнды деректерге бай ұлттық қор болып саналатын архивтің жұмысынан, елеулі жетістіктерінен хабардар етіп, ардагерлер мен бүгінгі білікті мамандардың еңбегіне, мерекеге орай қабылдау өткізіп жатқан аудан әкімдігіне риясыз алғысын жеткізді.   

arkhivshiler

Айнагүл Күнұзаққызы  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT